Су тасқыны

419 отбасы баспаналы болады

Біз біргеміз!

Осы күзге дейін меценат Болат Өтемұратов қоры су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 419 отбасы үшін үй салып немесе сатып алып берудіжоспарлап отыр.

Қобда ауданында 110 үйдің құрылысы басталды. Барлығы 150 үй салынбақ. Жобаға сәйкесәр үйде жуынатын бөлме және автономды жылыту жүйесін орнатуға арналған қазандық бөлмесі де болады.

Ал Әйтеке би, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Темір және Ойыл аудандарында қор су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 68 отбасы үшін дайын үй сатып алды. Жергілікті билік органдарының мәліметінше, аталған аудандарда тұрғын үйге 169 отбасы мұқтаж.

Ақтөбе қаласында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға берілетін 100 пәтердің 32-сі сатып алынды. Құрылыс компанияларымен келісім бойынша барлық пәтер таза әрленген күйде тапсырылады, бұл жаңа үй иелеріне кілттерді алған бойда қоныстануға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Болат Өтемұратов қоры 10 миллиард теңге бөлген еді. Су тасқынының алғашқы күндерінде Болат Өтемұратов қоры су басу аймақтарынан қауіпсіз жерге көшірілген адамдарға шұғыл көмек көрсету үшін 680 миллион теңге аударды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button