Денсаулық

Диагностика өмірді сақтайды!

Сүт безі обыры әлемнің барлық әйелдері арасындағы  ең көп таралған онкологиялық ауру болып табылады. Соған сәйкес 21 қазан — халықаралық сүт безі обырының алдын алу күні болып жарияланған болатын.

Әйелдерді аталған аурудың алдын алып,  тексеру мақсатында біздің  облыста да біраз шаралар жасалуда. Өткен аптада Ақтөбе қаласындағы №1 емханада облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Ерте сатыдағы  диагностика  өмірді сақтап қалады!» атты акция ұйымдастырылды.

— Сүт безі обырын маммография-рентгенологиялық зерттеу арқылы алдын ала білуге болады. Әрбір әйел 50 жасында міндетті түрде осы тексеруден өтуі тиіс. Көкіректегі ауру мазаласа, алдымен, онкологқа көрінген дұрыс. Ауруды ерте сатыда анықтаса, емдеуге жеңіл болады. Біздің емханада 2009 жылы маммология кабинеті ашылды.  Кез келген әйелдің келіп, тегін қаралуына мүмкіндігі бар, — дейді №1 емхананың мамолог-дәрігері  Нұргүл Кереева.

Акция барысында тұрғындарға сүт безі обырының алдын алу мен оның қауіптілігі жайында ақпарат берілді.  Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Гүлнәр Сидашеваның айтуынша, аталған ауруды анықтауға елімізде өткізіліп жатқан скринингтік тексерулер де көмектеседі. Сондықтан әрбір әйел өз денсаулығына салғырт қарамай, дер уақытында дәрігерге көрініп тұрғандары жөн.

 

Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ,

облыстық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының баспасөз маманы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button