Су тасқыны

13 отбасы баспаналы болды

Қолдау

Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккен 13 отбасы баспаналы болды.

Аудан бойынша тұрғындардан барлығы 150-ге жуық арыз түскен. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың өтініші негізінде құрылған комиссия әр үйге техникалық бақылау жүргізді. Қорытындысында 48 үй жарамсыз деп танылды. Соның ішінде 21 отбасы екінші нарықтағы дайын пәтерлерді сатып алуға ынталы екендігін білдірді. Қалғанына үй жаңадан салынады.

Екі апта бұрын «Болат Өтемұратов қорының» қолдауымен бес тұрғынға жаңа үй сатып алып бергенбіз. Енді, міне,тағы 8 отбасы баспаналы болды. Олар Ақтөбе қаласына келіп, үйлерді өздері таңдады. Енді келесі аптада тағы да жеті-сегіз отбасының құжаттарын рәсімдейміз. Сөйтіп, дайын баспана сатып алғысы келетіндердің мәселесі шешіледі, — дейді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

Ауданда тұрғын үйлерді салу жұмыстары басталып кетті. Үш құрылыс компаниясы үш айда барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауға тиіс.

Іңкәр АЛТАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button