Су тасқыны

200 баланың шашын тегін қияды

Қолдау

Ақтөбе қаласындабір топ шаштараз эвакуациялық пункттер орналасқан жатақханаларда тегін жұмыс істеді.

Су тасқынынан зардап шеккендердің бір бөлігі Ақтөбедегі гуманитарлық, көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледждерінің жатақханаларын уақытша паналап жатыр. Мұндағы 200-ге жуық бала мен жасөспірімнің шашын қиып, сән үлгісін жасау үшін ақтөбелік шаштараздар тегін қызмет көрсетіп жатыр. Бұл іске облыстық кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған. Палатаның шақыруымен бұл іс-шараға Сұлулық индустриясы қауымдастығының төрағасы, «Для себя» салонының басшысы Татьяна Гаврилова, оқытушы Гүлбаршын Исмағұлованың жетекшілігімен есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат-колледжінің 2-курсының бес оқушысы және «Мариям» жеке кәсіпкерлігі жанындағы оқу орталығының жетекшісі Райля Тұрдалина өзімен бірге 6 оқушысын ертіп келді.

Райля Тұрдалина — «Бастау-Бизнес» бағдарламасының 2018 жылғы түлегі. Грант қаражатына шаштараз ашқаноның бұл кәсібі палатаның тізіліміне енген оқу орталығына дейін өсті.

Жерлестеріміз қиындыққа тап келгенде біздің қол қусырып қарап отырғанымыз жөн болмас. Біз де осылайқолдау көрсетіп жатырмыз. Бұл бастаманы менің шәкірттерім де бірден қолдады. Кезінде осы кәсіпті нөлден бастадым. Сондықтан қиналған сәтте  көмек пен қолдаудың қандай болатынын жақсы білемін. Әрине, барлық қиындық артта қалады деген сенімдеміз. Мұндағы шашын қиғызып, сән үлгісін жасатып жатқан балалар мен жасөспірімдерге біз тек жақсы көңілкүй сыйлағымыз келеді, — деді Р.Тұрдалина.

Қазір ақтөбелік шаштараздар бекітілген кестеге сәйкес эвакуациялық жатақханаларда жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін олар 60-қа жуық бала мен жасөспірімнің шашын тегін қиды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button