Экономика

Толыққанды таразы

Статистика

Ақтөбе облысының 2011 жылдың  қаңтар-қыркүйегіндегі қысқаша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Жыл он екі айдың үш тоқсаны да артта қалды. Облыс бұл кезеңді қалай өткерді, қандай асулардан астық?  Облыстық статистика департаментінің мәліметтері, міне, осыны таразыға тартып отыр.

Облыстың  ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары барлық салалардың серпінді дамуымен сипатталады.

Мұны экономиканың жекелеген салалары бойынша әзірленген көрсеткіштер дәлелдейді.

Өнеркәсіп үлесі — 108,4 пайыз

Үстіміздегі жылдың 9 айында 906,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 108,4 пайыз құрады, оның ішінде :

 

  • тау-кен  саласы — 725,8 млрд. теңге, 108,5 пайыз;
  • өңдеу өнеркәсібі — 138,4 млрд. теңге, 105,2 пайыз;
  • электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау саласы — 35,8 млрд. теңге, 123,8 пайыз;
  • сумен қамтамасыз ету, канализация жүйесі, қалдықтардың жиналуы мен бөлінуін  бақылау саласы — 6,4 млрд. теңге, 85,5 пайыз.

2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі  өнеркәсіп өнімінің көлемі

 

млрд. теңге

  2011 жылғы қаңтар- қыркүйектегі өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индекстері

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайыздармен

     

 

 

Мұнай өндіру  көлемі  6298,1  мың тоннаны  құрады, бұл өткен жылдың тоғыз айы деңгейінен  5,8 есе көп,  газ өндіру — 2778,6 млн. текше метр, (19,9 пайыз), мыс рудасын өндіру — 2896,7 мың тонна (23,3 пайыз),  хром рудасын өндіру — 3935,1 мың тонна (4,5 пайыз), хром  қойыртпалары өндірісі  — 2884,5 мың тонна (16 пайыз).

Тамақ өнімдері  20,9 млн. теңгеге өндірілді, бұл 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы деңгеймен бірдей.

Ет, шұжық өнімдерін, күнбағыс майын өндіру, басқа да сүт өнімдері мен нан өндірісі көлемі өсті.

Электрмен  қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау саласында осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде  2032 млн. кВт.сағ. электр энергиясы өндіріліп, бұл көрсеткіш  13,9 пайызға өсті, жылу энергиясын өндіру — 4685 мың Гкал немесе  7,6 пайызға көп.

Мал көбейді, 2,7 есе көп астық жиналды

Ауыл шаруашылығының жалпы көлемі қаңтар-қыркүйекте 74,8 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі — 113,2 пайыз.

Өсімдік шаруашылығы өнімі — 29,4 пайыз, мал шаруашылығы өнімі — 5,5 пайыз өсті.

 

2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі  ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі

млрд. теңге

  2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ауыл
шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің

индекстері

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайыздармен

 

     

 

Астықтың жалпы жинағы 447,8 мың тонна құрады, бұл 2010 жылғы егін шығымдылығына қарағанда 2,7 есеге көп.

Барлық мал басы түрлерінің өскені байқалады, оның ішінде ірі қара — 1,1 пайыз, қой мен ешкі — 1,8 пайыз, шошқа — 23,8 пайыз, жылқы — 2,4 пайыз, құс — 2,5 пайыз.

Облыс шаруашылығының барлық санаттарын қосқанда 74,8  мың тонна  ет (тірілей салмағында) өндірілді немесе бұл 2010 жылғы деңгейге қарағанда 108,2 пайыз болды,  сүт — 265,6 мың тонна (102,1 пайыз), жұмыртқа — 138,3 млн. дана (95,6 пайыз).

 

1761 жаңа пәтер

2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 68,8 млрд. теңге құрады немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне салыстырмалы бағалармен 75,4 пайыз болды.

Осы кезеңде барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар мен жеке құрылыс жүргізушілер облыста жалпы аумағы 268,1 мың шаршы метр 1761 жаңа пәтерлер салды, бұл 2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден  2,6 пайызға көп.

Халықтың жеке қаражатымен және несие қаржыларымен жалпы аумағы 193,7 мың шаршы метр үйлер салынды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 17,9 пайызға көп. Олардың жалпы салынған үйлер көлеміндегі үлесі 72 пайызды құрап отыр.

4 амбулаторлы-поликлиникалық мекемелер салынды.

Игерілген инвестициялар

 

2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар және  мекемелермен негізгі капиталға 249,6 млрд. теңге игерілді, сол кезеңдегі нақты көлем индексі 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 101,1 пайыз құрады.

 

2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі  негізгі  капиталдарға инвестиция көлемі

млрд. теңге

 

  2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі негізгі

капиталға инвестициялардың нақты

көлемінің индекстері

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайыздармен

 

     

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең үлкен көлемін ірі кәсіпорындар игерді, бұл облыс бойынша жалпы инвестициялардың көлемінде 57 пайыз құрады. Яғни инвестиция 141,9 млрд. теңгеге орындалды, бұл 2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 5,2 пайызға көп.

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландыру көздері құрылымында басымды үлесті құрап отырған жеке қаржылар — 71 пайыз. Тартылған қаржылар — 29 пайыз, ондағы елеулі үлесті құрап отырған бюджеттік қаржы есебінен салынған инвестициялар — 14 пайыз және несие қаржылар — 7 пайыз.

Осы кезеңде шетелден негізгі капиталға салынған инвестиция  көлемі 20,9 млрд. теңгені құрады, ал бұл — инвестициялардың жалпы көлемінің 8 пайызы.

2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың елеулі үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласына тиіп тұр — 60 пайыздан астам.

Көлік және байланыс

 

Облыстың  автомобиль көлігімен үстіміздегі жылдың тоғыз айында 35,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда  34,6 пайызға көп, жүк айналымы  44,6 пайызға өсті.

Жолаушылар айналымы тұрақты өсімге бет бұрды, бұл автомобиль көлігіндегі жолаушылар ағымының  өсуіне байланысты болып отыр. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 138,9 млн. адам немесе 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда  21 пайызға  көп тасымалданды.

Облыстың байланыс кәсіпорындары аталмыш жылдың қаңтар-қыркүйегінде 6032,3 млн. теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда  13,3 пайызға көп. Мұның ішінде халыққа көрсетілген қызмет — 3504,3 млн. теңге немесе 7,9 пайыз көп.

Қаржылық табысыңыз қанша?

 

Облыс халқының орташа бір жанға шаққандағы қаржылық табыстары 2011 жылғы тамызда 46421 теңге құрады, бұл 2010 жылғы тамызға қарағанда 12,2 пайыз жоғары, аталған кезеңдегі нақты қаржылық табыстар 3,4 пайызға өсті.

2011 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 85305 теңге құрады және 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда 16,3 пайызға өсті. Тауарлар мен қызметтерге тұтынушылар бағаларының индексін ескере отырып есептелген нақты жалақы мөлшері 107,2 пайыз құрады.

 

2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықтың нақты қаржылай табыстары

 

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайыздармен

  2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте  нақты есептелген жалақы

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайыздармен

     

 

2011 жылғы тамызда облыс бойынша (әдеттегідей) орташадан жоғары  белгіленген жалақы төмендегідей:

  • Кен өндіру өнеркәсібі – 123895 теңге;
  • Көлік және қоймалау – 126696 теңге;
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 120801 теңге;
  • Қаржы және сақтандыру қызметі –  110527 теңге;
  • ақпарат және байланыс – 105656 теңге;
  • мемлекеттік басқару – 92028 теңге;

Ең төменгі жалақы мөлшері төмендегі қызмет түрлерінде:

  • ауыл шаруашылығы–  38355 теңге;
  • білім –   60317 теңге;
  • денсаулық сақтау – 74520 теңге;

Облыс аудандары  ішінде есептелген ең төменгі жалақы төмендегі аудандарда:   Мұғалжар — 96592 теңге;

Хромтау — 97113 теңге;

Темір — 84838 теңге.

Нарық. Сауда. Баға

Тұтынушылық нарық. Облыстағы бөлшек сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен  25,3 пайыз  жоғары болып, 173,6 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 43 пайыз болды, азық-түлік емес тауарлар — 57 пайыз.

Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,6 пайыз өсті.

Көтерме сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 181,2 млрд. теңге құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,8 пайыз болды. Көтерме тауар айналымының  75 пайыздан  астамын шағын кәсіпорындар қалыптастырып отыр. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнім  басымды орында тұр (75 пайыз).

Бағалар. Тұтынушылық нарығында инфляция деңгейі 2011 жылдың қыркүйе-гінде 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,8 пайыз құрады..

  • Азық-түлік   тауарларына бағалар  7,1 пайыз өсті;
  • Азық-түлік емес тауарлар  4,8 пайызға қымбаттады;
  • Ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер өсімі 5,2 пайыз құрады.

2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі тұтыну бағаларының индекстері

 

2010 жылғы желтоқсанға пайыздармен

 

 

Азық-түлік тауарлары нарығында баға май мен тоңмайға — 8,6 пайыз, ет және ет өнімдеріне — 15,2 пайыз, сүт өнімдеріне —  6,9 пайыз, кондитер өнімдеріне — 6,6 пайыз, жемістерге — 5,6 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне  — 6,6 пайыз қымбаттады.

Дегенмен баға жұмыртқаға —  8,2 пайызға, көкөністерге 9,6 пайызға төмендеді.

Жыл басынан бері тамақ өнімдерінің ең төменгі жинағының құны  22,9 пайыз өсіп,  15223 теңге құрады. Бір айда тамақ өнімдерінің ең төменгі жинағының құны  4,9 пайыз төмендеді.

Азық -түлік тауарларының қымбаттауы негізінен  киім  түрлерінің  (2,5 пайыз) және аяқ киімнің  (2,6 пайыз) маусымдық жаңаруына, жуғыш заттардың   (2,1 пайыз), жеке гигиена тауарларының (2,2 пайыз), баспа өнімдерінің (6,0 пайыз), медикаменттердің (1,6 пайыз), бензиннің (22,7 пайыз), құрылыс материалдарының (4,6 пайыз) қымбаттауына байланысты болып отыр.

Ақылы қызметтер саласында байланыс қызметтері елеулі түрде қымбаттады — 9,1 пайыз.

2011 жылдың қыркүйегінде көлік қызметтері бағасы — 16,4 пайызға, оның ішінде теміржол жолаушылар көлігі қызметтері 20,1 пайызға өсті.

Халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметтері  облыс бойынша орташа есеппен  3,4 пайызға, оның ішінде салқын су — 5,0 пайызға, электр энергиясы — 6,3 пайызға, газбен қамтамасыз ету 2,5 пайызға қымбаттады.

Еңбектің еншісі

Еңбек рыногы. 2011 жылғы тамызда жалдамалы қызметкерлер саны 189,0 мың адамға толды, бұл 2010 жылғы тамызға қарағанда  4,5 пайызға көп, ал ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер — 163,5 мың адам және  4,2 пайыз.

Жұмыссыздар саны аталған жылдың екінші тоқсанында бағалау бойынша 19 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда — 4,8 пайыз.

Көші-қонның үлесі

 

2011 жылдың 1 қыркүйегіне Ақтөбе облысында   783,2 мың адам тұрды.

2011 жылдың қаңтар-тамызында туғандар саны —11569, ал қайтыс болғандар —  3956. Табиғи өсім 7613 адам құрады.

Облыстың әрбір 1000 тұрғынына  22,24 туғандар және 7,60 өлімнен келіп тұр ( 2010 жылғы қаңтар-тамызда тиісінше  23,10 және 8,48 промилле).

Ал облыстағы көші-қон жағдайына ықпал жасап отырған  қандай миграциялық процестер ықпал жасап отыр?

2011 жылғы қаңтар-тамызда  республикадан тыс жерлерден облысқа  келгендер саны — 365, ал кеткендер саны — 526 адам және 2010 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда келгендер саны  20,7 пайызға төмендеп, кеткендер саны 21,1 пайызға өсті.

Республиканың басқа облыстарынан  2011 жылғы қаңтар-тамызда Ақтөбе облысына 5975 адам келді, кеткендер саны — 7711 адам, облысаралық миграция сальдосы —1736 адам (2010 жылғы қаңтар-тамызда сальдо 1988 адам құраған болатын, келгендер саны — 7255, кеткендер саны — 9243 адам).

Облыс шегінде мекен-жайын өзгерткендер саны — 5792 адам немесе 2010 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 35,5 пайызға көп.

Сыртқы миграциялық ағымдардың құрылымында  қай этносқа жататыны бойынша келгендердің ішінде елеулі үлесті алып отырғандар қазақтар — 62,5 пайыз, орыстар — 17,5 пайыз, украиндар — 4,1 пайыз, немістер 1,4 пайыз құрап отыр. Кеткендердің жалпы санынан қазақтардың алып отырған үлесі — 12,9 пайыз, орыстар — 52,3 пайыз, украиндар — 19,6 пайыз, немістер — 5,1 пайыз.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button