Таным

80 жастағы лауреат

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының биылғы лауреаты да анықталғаны мәлім.

Жаңа лауреаттың — швед ақыны Тумас Транстремердің туындылары, Нобель сыйлығы комитетінің шешіміне сүйенсек, өзінің мазмұнды тұнық бейнелерімен шынайы өмірге тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

12 өлең және прозалық кітаптардың авторы 80 жастағы Тумас Транстремердің негізгі мамандығы — психолог. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1954 жылы 23 жасында жарық көрген екен. Содан бері шығармалары 50-ден аса тілге аударылған. «Қара гондола» атты өлеңдер жинағы Швецияда 30 мың дана таралыммен шыққан. Бұл өлең кітабы үшін өте үлкен таралым болып саналады.

Ақын бұған дейін Швеция, Германия және өзге де елдерде әдеби сыйлықтардың иегері атанған.

Биылғы бір ерекшелік, Нобель сыйлығы беріле бастағанына тура 110 жыл толып отыр.

Ал осы жылдар ішінде бұл марапатқа кімдер ие болып еді?

 

110 жылдың жылнамасы

1901 жыл. Рене Сюлли-Прюдом (Рене Франсуа Арман Прюдом), француз ақыны, Нобель сыйлығының алғашқы лаураты.

1902 жыл. Теодор Моммзен, неміс тарихшысы.

1903 жыл. Бьернстьерне Мартиниус Бьернсон, норвег ақыны, драматург, прозашы, қоғам қайраткері.

1904 жыл. Бұл жылы бір сыйлық екі қаламгерге берілді: Фредерик Мистраль, провансаль ақыны, филолог; Хосе Эчегарай-и-Эйсагирре, испан драматургы, математика мен физика профессоры.

1905 жыл. Генрик Сенкевич, поляк жазушысы.

1906 жыл. Джозуэ Кардуччи, итальян ақыны.

1907 жыл. Джозеф Редьярд Киплинг, ағылшын жазушысы.

1908 жыл. Рудольф Кристоф Эйкен, неміс философы.

1909 жыл. Сельма Оттилиана Ловиза Лагерлеф, швед жазушысы, Нобель сыйлығын алған алғашқы әйел.

1910 жыл. Пауль Йоханн Людвиг фон Хейзе, неміс ақыны, прозашы, новеллашы.

1911 жыл. Морис Метерлинк, бельгия жазушысы.

1912 жыл. Герхарт Гауптман, неміс драматургы.

1913 жыл. Рабиндранат Тагор, үнді ақыны, философ, суретші.

1914 жылы сыйлық берілген жоқ.

1915 жыл. Ромен Роллан, француз жазушысы.

1916 жыл. Карл Густав Вернер фон Хейденстам, швед жазушысы.

1917 жыл. Бұл жылы бір сыйлық екі қаламгерге берілді: Карл Адольф Гъеллеруп, дат ақыны, жазушы; Хенрик Понтоппидан, дат жазушысы.

1918 жылы сыйлық берілген жоқ.

1919 жыл. Карл Фридрих Шпиттелер, швейцария жазушысы.

1920 жыл. Кнут Гамсун (Педерсен), норвег жазушысы.

1921 жыл . Анатоль Франс (Анатоль Франсчуа Тибо), француз жазушысы.

1922 жыл. Хасинто Бенавенте-и-Мартинес, испан драматургы.

1923 жыл. Уильям Батлер Йитс, ирланд ақыны, драматург.

1924 жыл. Владислав Станислав Реймонт, поляк жазушысы.

1925 жыл. Джордж Бернард Шоу, ағылшын жазушысы.

1926 жыл. Грация Деледда, итальяндық жазушы әйел.

1927 жыл. Анри Бергсон, француз философы.

1928 жыл. Сигрид Унсет, норвегиялық жазушы әйел.

1929 жыл. Томас Манн, неміс жазушы-романшысы.

1930 жыл. Синклер Льюис, америка жазушысы.

1931 жыл. Эрик Аксель Карлфельдт, швед ақыны.

1932 жыл. Джон Голсуорси, ағылшын жазушысы.

1933 жыл. Иван Александрович Бунин, орыс жазушысы, ақын.

1934 жыл. Луиджи Пиранделло, итальян жазушысы.

1935 жылы сыйлық берілген жоқ.

1936 жыл. Юджин О’Нил, америка драматургы.

1937 жыл. Роже Мартен дю Гар, француз жазушысы.

1938 жыл. Перл Бак, америкалық жазушы әйел.

1939 жыл. Франс Эмиль Силланпя, фин жазушысы.

1940, 1941, 1942, 1943 жылдары сыйлықтар берілген жоқ.

1944 жыл. Йохеннес Вильгельм Йенсен, дат жазушысы.

1945 жыл. Габриела Мистраль (Люсила Годой Алькаяга), чилилік ақын әйел.

1946 жыл. Герман Гессе, неміс ақыны, жазушы.

1947 жыл. Андре Жид, француз жазушысы.

1948 жыл. Томас Стернс Эдиот, ағылшын-американ ақыны.

1949 жыл. Уильям Фолкнер, америка жазушысы.

1950 жыл. Бертран Рассел, ағылшын философы, логик, математик, социолог, қоғам қайраткері.

1951 жыл. Пер Фабиан Лагерквист, швед жазушысы, драматург.

1952 жыл. Франсуа Мориак, француз жазушысы.

1953 жыл. Уинстон Леонард Спенсер Черчилль, британия саяси қайраткері, Ұлыбритания премьер-министрі.

1954 жыл. Эрнест Миллер Хемингуэй, америка жазушысы.

1955 жыл. Хальдоур Кильян Лакснесс (Гудьонссон), исландия жазушысы.

1956 жыл. Хуан Рамон Хименес, испан ақыны.

1957 жыл. Альбер Камю, француз жазушысы, философ.

1958 жыл. Борис Леонидович Пастернак, орыс ақыны.

1959 жыл. Сальваторе Квазимодо, итальян ақыны.

1960 жыл. Сен-Жон Перс (Алекси Леже), француз ақыны.

1961 жыл. Иво Андрич, серб жазушысы.

1962 жыл. Джон Стейнбек, америка жазушысы.

1963 жыл. Георгос Сеферис, грек ақыны.

1964 жыл. Жан Поль Сартр, француз жазушысы, философ, публицист, Нобель сыйлығын алудан бас тартты.

1965 жыл. Михаил Александрович Шолохов, орыс жазушысы.

1966 жыл. Бұл жылы бір сыйлық екі қаламгерге берілді: Шмуэль Йозеф Агнон, израиль жазушысы; Нелли Закс, неміс ақын әйелі.

1967 жыл. Мигель Анхель Астуриас, гватемала жазушысы.

1968 жыл. Ясунари Кавабата, жапон жазушысы.

1969 жыл. Сэмюэль Беккет, ирланд жазушысы.

1970 жыл. Александр Исаевич Солженицын, орыс жазушысы.

1971 жыл. Пабло Неруда, чили ақыны, қоғам қайраткері.

1972 жыл. Генрих Белль, неміс жазушысы.

1973 жыл. Патрик Виктор Мартиндейл Уайт, австралия жазушысы.

1974 жыл. Бұл жылы бір сыйлық екі қаламгерге берілді: Эйвинд Юнсон, швед жазушысы; Харри Эдмунд Мартинсон, швед ақыны, прозаик.

1975 жыл. Эудженио Монтале, итальян ақыны.

1976 жыл. Сол Беллоу, америка жазушысы.

1977 жыл. Висенте Алейксандре, испан ақыны.

1978 жыл. Исаак Башевис Зингер, поляк-америка жазушысы.

1979 жыл. Одиссей Элитис, грек ақыны.

1980 жыл. Чеслав Милош, поляк ақыны.

1981 жыл. Элиас Канетти, австрия жазушысы.

1982 жыл. Габриель Хосе Гарсиа Маркес, колумбия жазушысы.

1983 жыл. Уильям Голдинг, ағылшын жазушысы.

1984 жыл. Ярослав Сейферт, чех ақыны.

1985 жыл. Клод Эжен Анри Симон, француз жазушысы.

1986 жыл. Воле Шойника, нигер жазушысы.

1987 жыл. Иосиф Александрович Бродский, орыс ақыны.

1988 жыл. Наджиб Махфуз, египет жазушысы.

1989 жыл. Камилло Хосе Села, испан жазушысы.

1990 жыл. Октавио Пас, мексика жазушысы.

1991 жыл. Надин Гордимер, оңтүстік-африкалық жазушы әйел.

1992 жыл. Дерек Уолкотт, тринидад ақыны, драматург.

1993 жыл. Тони Моррисон, америкалық жазушы әйел.

1994 жыл, Кэндзабуро Оэ, жапон жазушысы.

1995 жыл. Шеймус Хини, ирланд ақыны.

1996 жыл. Вислава Шимборска, поляк ақын әйелі.

1997 жыл. Дарио Фо, итальян драматургы, актер-мим.

1998 жыл. Жозе Сарамаго, португал жазушысы.

1999. Гюнтер Грасс, неміс жазушысы.

2000 жыл. Гао Синцзянь, қытай жазушысы.

2001 жыл. Видъядхар Сураджпрасад Найпол, үнді текті тринидад жазушысы.

2002 жыл. Имре Кертес, венгер жазушысы.

2003 жыл. Джон Максвелл Кутзееа, оңтүстік-африка прозашысы, сыншы, аудармашы.

2004 жыл. Эльфрида Елинек, австриялық жазушы әйел.

2005 жыл. Гарольд Пинтер, ағылшын драматургы.

2006 жыл. Орхан Памук, түрік жазушысы.

2007 жыл. Дорис Мей Лессинг, ағылшын жазушы әйелі.

2008 жыл. Жан-Мари Гюстав Леклезио (Ле Клезио), француз жазушысы.

2009 жыл. Марио Варгас Льоса, перу жазушысы.

2010 жыл. Герта Мюллер, неміс жазушы әйелі.

2011 жыл. Тумас Транстремер, швед жазушысы.

Ерекше деректер

 

  • Нобель сыйлығын егде тартып алғандардың ішіндегі ең жасы үлкені Дорис Мей Лессинг еді. Сыйлықты 87 жасында 2007 жылы алған ағылшын жазушы әйелі — қазір де көзі тірі лауреаттардың ең қариясы.
  • Ал ең жас лауреат — Редьярд Киплинг. Бұл сыйлықты ол 1907 жылы 42 жасында алды.
  • Лауреаттардың ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешкен қаламгер — Бертран Рассел. Ол 1970 жылы 2 ақпанда 97 жасында өмірден озды.
  • Лауреаттардың арасында ғұмыры тым қысқа болған жазушы — Альбер Камю. Ол 46 жасында көлік апатынан қаза болды.
  • Әйелдер арасында алғаш рет Сельма Лагерлеф 1909 жылы лауреат атанды. Одан бері бұл атаққа 11 әйел қол жеткізді.

Лауреаттық қандай тілдердегі шығармаларға қанша рет берілді?

 

Ағылшын — 26 рет.

Француз. Неміс — 13 реттен.

Испан — 11 рет.

Швед — 7 рет.

Итальян — 6 рет.

Орыс — 5 рет.

Поляк — 4 рет.

Дат. Норвег — 3 реттен.

Грек. Жапон. Араб. Бенгаль. Венгр. Иврит. Идиш. Исланд — 2 реттен.

Қытай. Окситан. Португал. Серб-Хорват. Түрік. Чех. Фин — 1 реттен.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button