Су тасқыны

20 мың мал тасқыннан құтқарылды

Аймақта су тасқыны кезінде малға айтарлықтай шығын келді. Қазіргі таңда бұл бағытта шығынды есептеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжановтың берген мәліметіне сүйенсек, өңірде 3232 бас мал шығыны анықталған. Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктер мен ветеринармамандар бірлесіп, жануарлардың өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

15 сәуірдегі жағдай бойынша бұл жұмыстарға байланысты3120 бас өртеліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар 20124 мал тасқыннан құтқарылды. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, — деді басқарма өкілі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл бағытта Астана қаласынан осы іс-шараларға көмектесу үшін 40 тонналық жылжымалы инсинератор автокөлігі әкелінген болатын.

 Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button