Мәдениет

Тіл тірегі — жастар

Форум

Қостанай қаласында «Тілі бірдің — тілегі бір» атты республикалық жастар форумы өткізілді.

Оған Ақтөбеден облыстық тілдерді дамыту басқармасының жауапты қызметкері Жанғабыл Қабақбаев, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті Анастасия Браташова, Ақтөбе гуманитарлық, ауыл шаруашылық колледждерінің оқушылары Надежда Березан, Екатерина Дениченко қатысты.

Форумда «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2012 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асырудағы жастар үлесі кеңінен сөз болды. Жиын барысында Надежда Березан Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Республикалық форумға қатысушылар еліміздің жастарына үндеу қабылдап, Қазақстан қоғамының негізін қалаушы қазақ ұлтының тілі мен мәдениетін дамытуға бағытталған Елбасының салиқалы саясатын қолдайтындықтарын білдірді.

Д. НҰРОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button