Басты жаңалықтар

Ақтөбеге Астана қаласынан гуманитарлық көмек келді

«Аmanat» партиясы Астана қалалық филиалының қызметкерлері мәслихат депутаттарымен, әкімдікпен және бастауыш ұйым мүшелерімен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына 100 тонна гуманитарлық көмек жинаған. Кеше жүк тиелген автокөліктер Ақтөбеге жетті.

-Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға демеу болу негізінен қазақтың қанында бар қасиет. Қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлтымыздың ұлылығы да осында. Сын сағатта бірлесе әрекет етіп, тасқынға тосқын жасап жатырмыз. Ендеше, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытып жатқан Астана халқына, «Аmanat» партиясының Астана қалалық филиалына алғысымыз шексіз. Бірліктің арқасында бұл қиындықты да еңсереміз,  – деді партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Ербол Данағұлов.

Партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммеджан Болысбектің айтуынша, астаналықтар ерекше белсенділік танытып, партияға тәулік бойы азық-түлік, киім-кешек жеткізіпті. Игі іске депутаттар мен кәсіпкерлер де аянбай атсалысқан.

Айта кету керек, осыған дейін Ақтөбеге Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда облысы, Шымкент қаласынан гуманитарлық көмек келді.

Меңтай Бектұрсынова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button