Басты жаңалықтарСу тасқыны

Темір ауданында нысандар мен шаруа қожалықтарының шығыны есептелуде

 

Көктемгі су тасқыны кезінде зақым келген Темір ауданы тұрғындары тарапынан жергілікті әкімдіктерге бүгінгі күнге дейін 83 өтініш түсті. Комиссия мүшелері 78 тұрғын үй, 2 кәсіпкерлік нысан, 3 шаруа қожалығын аралап, түгендеу жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандары құрылысының сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын бағалау компаниясы жергілікті округ әкімдігіне келіп түскен өтініштер бойынша жүзеге асырды.

Техникалық сараптама қорытындысынан соң, мүлікті бағалау жұмыстары да ұйымдастырылды.

Комиссия сараптама, бағалау қорытындысын негізге ала отырып, заңнама аясында зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлейді.

Сонымен қатар, Құмсай ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үй-жайларының жарамсыздығына байланысты уақытша тұру үшін жергілікті мұнай компанияларынан 31 тіркеме (вагон) қолданысқа беріліп, электр жарығымен қамтамасыз етілді.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button