Мәдениет

Ақ батасын бергендер

Ақтөбе облысындағы арнайы мамандандырылған Күзет полициясының бастығы полиция полковнигі Қайыржан Даржанов ұзақ жылдар бойы басқарма құрамында қызмет етіп, зейнетке шыққан Шайдолла Қажығалиев, Айтқали Жолдыбаев және Раиса Лобинцева сынды ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.

Соғыс ардагері Шайдолла Қажығалиев облыстық және қалалық полиция бөлімдеріне жиі бас сұғып, жас полицейлермен өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп тұрады. ҚР ІІМ жоғарғы оқу орындарын тәмамдап келген жас қыз-жігіттердің  Шайдолла ақсақалдың ақ батасын алғаннан кейін ғана еңбек жолдарын бастайтыны дәстүрге айналғандай. Шайдолла Қажығалиев сұрапыл соғыстан аман-есен келіп, Күзет полициясына қызметке орналасып, зейнетке шыққанша осы жерде тапжылмай қызмет еткен.

Енді бір ардагеріміз Айтқали Жолдыбаев — Кеңқияқта болған оқиға салдарынан қайтыс болған арнайы жасақ қызметкері Руслан Жолдыбаевтың атасы. Айтқали ақсақал немересін осы жолға өзі баулыпты. Бірақ амал не?.. Қоғам тыныштығын бұзған қылмыскерлерді құрықтау кезінде қаза тапқан Руслан Жолдыбаев бейбіт күннің қаһарманы екендігі айқын. Айтқали ақсақал жастарға Отанға, ұлтқа адал қызмет ету қажеттігін айтты.

 

Ерболат САРҚҰЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button