Басты жаңалықтар

Бірлік бар жерде – тірлік бар

Айгүл Дүйсенова,
облыстық мәслихат депутаты:

-Табиғи апатпен бетпе-бет келген халқымыз бірнеше күннен бері азаматтардың амандығы үшін, ауыл-қалаларды су тасқынынан барынша сақтап қалу үшін, күндіз күлкі, түнде ұйқыны ұмытып, аянбай күресіп жатыр. Бір ауыл су тасқынынан аман қалды десе, барша жұрт қуанысып, ал үйлері су астында қалған ағайынға көп болып көмек қолын созып отыр. Қазір еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Оның ішінде, өздеріңіз білетіндей, біздің өңір де бар.
Осындай жағдайда, әрине, халық мемлекеттен, үкіметтен, атқарушы органдардан қолдау күтеді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа Үндеу жасады. Үндеуде: «Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі» – деп атап көрсетілуі тасқын судан зардап шеккен жандарға үміт сыйлайды. Халықтың осы үміт ақталғай дейміз.
Қандай қиындық та – мәңгілік емес, уақытша жағдай. Оны еңсеруге, жеңіп шығуға бірлік пен ынтымақтың керектігін «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп, ата-бабамыз айтып кеткен. Осы сын сағатта халқымыз ең алдымен бірлікке, бір-біріне сүйеу болуға ұмтылады деп сенемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button