Басты жаңалықтар

МЕШІТТЕР КӨМЕК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ  

Өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында мешіттердің имамдары мен жамағат арасынан тілек білдірген еріктілерден арнайы топтар құрылған.

Бұл жөнінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстың бас имамы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен еріктілер алыс ауылдарға, зардап шеккен жандарға гуманитарлық көмек таратумен ғана шектелмей, су тасқынының алдын алу үшін қоршаулар жасау, қауіпті аймақтағы адамдарды көшіру, үйсіз қалған отбасыларды ыстық тамақпен қамту секілді істердің де басы-қасында күндіз-түні жүр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының, «Уақып қоры» бөлімінің, «Садақа Береке» қайырымдылық қорының өкілдері де осы іске атсалысып отыр. Аталған қорлар мен халықтан түскен садақа қаржысына азық-түлік, көрпе-төсек, киімдер, басқа да тұрмыстық заттар алынып, таратылған. Мысалы, гуманитарлық көмек ұйымдастыру барысында бір күн ішінде ғана 1 382 391 теңгеге азық-түлік алынып, одан басқа да заттар апарылыпты.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button