Басты жаңалықтар

Қобда мен Жиренқопа арасындағы жол учаскесі қайта қалпына келтірілуде

 

Еріген қар суының қатты ағынынан бұзылып, қатынас тоқтаған «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» трассасының 315-шақырымын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Қобда ауданы аумағындағы автожолдың ұзындығы – шамамен 25-30 метр.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта жолды қалпына келтіруге мамандар мен техникалар жұмылдырылған.

«Су шайған аймақта арнайы техника жұмыс жасауда. Самосвал, экскаватор және тиегіш техникалары жұмылдырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Барша азаматтарды орын алған жағдайға байланысты түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді басқармасы басшысы.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button