Басты жаңалықтар

Эвакуациялық орталықтарда балалардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылған

 

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Аймақ басшысы бастаған жедел штабтың жұмысы да қызу.

Өңірдің кейбір аудандарында тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жүргізілді. Жалпы облыста 7 мыңға жуық адам қауіпсіз орындарға көшірілген. Эвакуациялық орталықтарда тұрғындарға азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек-орын дайындалды.

Тіпті, орналасқандардың балаларына да жағдайлар жасалған. Мұғалімдер, психологтар және ерікті жастар балақайлардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызықты ойындар ойнатып, би билетіп, көңілді кеш өткізді.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан уақытша мектептерде орналасқан тұрғындардың қолайлы тұрмыс жағдайын ұйымдастыру жұмыстары облыс әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен жүзеге асуда.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button