Басты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектептің жанынан ашылған эвакуация пунктіндегі балалардың көңілін көтеру үшін облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері мектеп әкімшілігімен бірлесіп аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда пунктте 137 адам болса, соның 45-і — бала. Ұл-қыздардың аз да болса көңілін көтеру үшін демалыс күні сол жаққа өнерпаздар арнайы барып, түрлі ойындар ұйымдастырып, думанға бөледі.

Кеңес төрағасы Тәттігүл Талаева бастаған белсенді топ ауыр сырқатқа шалдыққан адамның медициналық мекемеге орналасу мәселесін де шешіп берді.

Сондай-ақ кеңестегілер Мұнайшы-4 және Гидрогеолог бау-бақша ұжымдарына ортақ бөгетті қалпына келтіруге және тұрғындардың үйлеріне су ағынын тоқтатуға  көмектесті. Атап айтсақ, кеңес мүшелері Аслан Балқасынов пен Жомарт Қартбаев қол ұшын созды.

Ал облыстық қоғамдық кеңестің сарапшысы Нұрболат Әбілов 11-шағын ауданы Әз-Наурыз көшесіндегі №6, 8, 25, 27 көппәтерлі үйлердің тұрғындарына жертөлелерден су сорып, пәтерлерге электр қуатын беруді қалпына келтіруге атсалысты. Қала әкімдігі арқылы жедел түрде 4 ассенизатор алынып, олар жалпы сорғы бойынша 60 рет қатынады. Бөгенбай батыр көшесі, №32 үйдің тұрғындарына да осындай жәрдем берілді.

Аталған кеңестің мүшесі, облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың басшысы Ерлан Тәтімов №53 орта мектептің жанындағы эвакуация пунктіндегі балаларға кеңсе тауарларын табыстады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button