Басты жаңалықтарСу тасқыны

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен Ойыл мен Қобда аудандарына гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр

 

Сонымен қатар көрші аймақтардан волонтерлер атсалысып, көмек қолын созуда.

Ернар Байарыстанов, «Добро» еріктілер қозғалысының мүшесі:
– Алдыңғы күні Қобда ауданына барып, өзіміз қолдай зиян шеккен азаматтарға беріп келдік көмекті, бір газель апарды волонтерларымыз. Кешегі күні бір газелді Ойыл ауданына жібердік. Кішкентай пакеттен бастап, үлкен Газелге дейін заттар келіп жатыр. Ол халық деген қазір көп көмек беріп жатыр. Біз соңыға дейін жүреміз, халқымызға көмек береміз.

▪️ Ал көмек алып жатқан ақтөбеліктердің алғысы шексіз. Бұдан өзге бүгіннен бастап қарғын судан саяжай үйлеріне келген шығынды анықтау жұмысы басталды. Арнайы комиссия мүшелері бау-бақша ұжымдарын аралап, баспанасы зақымданған тұрғындармен кездесті. Апат салдарын жоюға арналған шара бір айдан астам уақытқа созылмақ. Үйлерін су басқан тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Бұл туралы біз толығырақ алдағы жаңалықтарымызда айтамыз. Ал су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Дәл қазір Әйке ауылынан 350 адамның қауіпсіз орынға көшірілгені белгілі болды.  Сонымен бірге мұндай жұмыс Қобда мен Ойыл аудандарында да жалғасып жатыр.

Дереккөз: «24.kz»

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button