Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр

 

Ақтөбе облысында су тасқынынан келген шығынды анықтайтын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Әзірге 753 үй мен 10 әлеуметтік нысан және 100-ге жуық саяжай үйінің бүлінгені белгілі болған. Жалпы саны 7 мың адам қауіпсіз жерге шығарылған. Олар спорт кешендері мен мектептерге орналастырылды. Эвакуациялық пункт ашылған 39 мектептің оқушылары онлайн форматқа көшіріледі. Сондай-ақ суда қалған немесе су басу қаупі бар 21 мектептің балалары қашықтан оқиды.

Жалпы өңір бойынша 3 су қоймасының екеуі толып, 10-нан аса өзен тасыды. Енді Ырғыз ауданының 4 ауылына қауіп төніп тұр. Бұл жолы қызылсу Қостанай облысы аумағынан келуі мүмкін деген болжам бар.

Асхат Шахаров, облыс әкімі:
– Қостанай жақта үлкен су бары екенін біз білеміз. Ол су енді біздің Ырғыз ауданының бірнеше елді мекеніне келу қаупі бар. 3 тікұшақ барды. Қазір басында министрліктің өкілдері жағдайға қарап, шешім қабылдайтын болады. Соған байланысты 2 мыңға жуық адамды эвакуация жасайтын боламыз.

Дереккөз: «24.kz»

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button