Басты жаңалықтар

Эвакуациялық пункттер орналасқан мектептер қашықтықтан оқытылады

Ақтөбе облысындағы су тасқыны апаты орын алған сәттен бастап білім беру ұйымдары эвакуациялық пункт ретінде белгіленіп, табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындар орналасуда.

Бүгінгі таңда облыстағы білім беру ұйымдарында 41 уақытша эвакуациялау пункттері орналасқан. Оның 39-ы мектеп, 2-і колледж.

📌 1 сәуірден бастап мектеп оқушыларының көктемгі каникул уақыты аяқталып 4-тоқсан басталатыны белгілі. Осыған орай эвакуациялық пункттер болып жарақтандырылған 39 мектеп, апаттан зардап шеккен және су басу қаупі бар 21 мектеп қашықтан оқытылатын болады. Қалған мектептер мен балабақшалар, колледждер штаттық режимде жұмыс жасайды.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button