Басты жаңалықтар

Су тасқынына байланысты іссапармен өңірімізге Мәжіліс депутаттары келді

 

 

Су тасқынына байланысты іссапармен өңірімізге Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері – Қазыбек Әлішев, Мақсат Толықбай келді. Олар су басқан Қобда ауданының жұртшылығымен кездесті.

Депутаттардың айтуынша, Қобда ауылындағы 237 үй су астында қалған. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар эвакуациялау орталықтарына орналастырылып, ыстық тамақ және киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Қазір арнайы құрылған комиссия келтірілген шығындарды анықтауда.

Мәжіліс депутаттары өңірдегі жағдайды өз көздерімен көріп, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Олардың жан-айқайын Үкіметке жеткізетіндерін айтты. Зардап шеккен халыққа материалдық көмек көрсетіліп, су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жолдары қарастырылады.

Жағдай қиын. Үйлердің шатыры ғана көрініп тұр. Былтыр дәл осы уақытта осы жерге келіп, бізден көмек сұраған елге бірнеше үй салып бергенбіз. Барлығы жаңа үйлер. Тағы да бір жыл өтпей судың астына кетіп жатыр. Неге? Өйткені өзен жылда тасиды. Бұл жерге ауылды қоршап салынған дамбы керек. Тұрғындардың жан-айқайын Үкіметке жеткіземіз.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ. «AMANAT» партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Дәрі-дәрмек, жаңа төсек-орын барлығы жеткілікті. Жағдай тұрақталғанша, тұрғындардың қасында боламыз,
– деді Мақсат Толықбай.

⚜️ Мәжіліс депутаттарының іссапары жалғасуда. Бүгін олар Темір және Мұғалжар ауданындағы суға кеткен ауылдарға жолға шықты.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button