Басты жаңалықтар

Қобда ауданы Қоғалы ауылынан тұрғындарды эвакуациялау аяқталды

 

Қоғалы ауыл аудан орталығынан 113 км. қашықтықта орналасқан. Елді мекенді аудан орталығымен байланыстыратын «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұз төбе» болыстық маңызы бар аатомобиль жолы байланыстырады. Алайда су тасқыны салдарынан автожолдың 312 және 347 шақырымындағы жол бөлігі шайылған. Ауылда барлығы 28 үй мен 131 адам тіркелген.

Бүгінге Қоғалы ауылына су келген жоқ. Ауылды судан «Қоғалы» қорғаныс бөгеті қорғап тұр. Тасқын су қорғаныс бөгетінен асып кетсе немесе жырылып кетсе, ауылды су басу қаупі туындайды.

🚁 Осыған орай ауыл тұрғындарын аудан орталығына эвакуациялау туралы шешім қабылданған. Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін Балалар спорт мектебі дайындыққа келтіріліп, қажетті заттармен жабдықталды.

Бүгін Әуе қорғаныс күштері әскери институты Ақтөбе гарнизонының ұшқыштарынан құралған экипаж Қоғалы ауылының 68 тұрғынын Қобда ауданының орталығына жеткізді. Құтқарылғандардың ішінде 39 бала бар.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button