Басты жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаев Қобда ауданындағы су тасыған жерлердің зардаптарын жою жұмыстарымен танысты

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Есенбаев және табиғи ресурстар басқармасының басшысы С.Дүйсекенов Қобда ауданындағы су тасыған жерлердің зардаптарын жою жұмыстарымен танысты.

 

 

Су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттен болатын қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, бүгін 30-наурыз Қобда ауданы Қоғалы елді-мекенінен 70-ке жуық адам эвакуацияланып, аудан орталығына жеткізілгені мәлім.

Осы орайда, эвакуация орталығындағы тұрғындармен кездескен облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаев пен облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы С.Дуйсекенов жағдай толықтай бақылауда екенін ескеріп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button