Басты жаңалықтар

Байғанин ауданындағы көпір қалпына келтірілді

19 наурызда аудандық маңызы бар «Қарауылкелді-Жарқамыс-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт» бағытындағы автомобиль жолының 33 шақырымында, Алтай батыр ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан «Ащы ағар» сайында су өткізгіш құбыры (3х4 м) ағын судың шамадан көп тасуына төтеп бере алмай, бұзылды. Миялы, Оймауыт, Дияр ауылдарына қатынас тоқтады. Дегенмен, Қаражар ауылы арқылы «Жем» өзенінің бергі бетіндегі жолмен қатынауға мүмкіндік болды.

21 наурыз күні қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенімен, судың ағысы қайта ұлғайып, жолды су шайды.

29 наурыздағы жағдай бойынша Сартоғай ауылдық округінде жағдай қалыпты. «Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт» жолының 33 шақырымындағы «Ащыағар» көпірі қалпына келтірілді. Көлік құралдарының жүруіне барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта қауіп көзі жойылды.

 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button