Басты жаңалықтар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл  

Қардың күрт еруінен Ақтөбе облысының бірнеше ауданында су тасқыны жағдайы тіркелді. Аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Партиялықтар, «Жастар рухы» еріктілері су тасқынымен күресуге, салдарын жоюға атсалысуда.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясы мүшелері су шайған аумақтардың жағдайын барып көрді. Партиялықтар Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлермен бірге көшелері мен аулаларын су басқан тұрғындарға көмек көрсетіп, су бұру, су сору, құм төгу, жолдарды қар суынан тазарту жұмыстарына атсалысуда. Ербол Данағұлов түнде қаланы аяқтай жүріп қарап шықса, бүгін Қобда ауданына барды. Облыстық филиал төрағасы сын сағатта ақтөбеліктерді сабырлыққа шақырып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.

-Нөсер жаңбыр, қардың күрт еруі елді-мекендерде жағдайды қиындатып отыр. Қазір су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу істері жүріп жатыр. Облыс әкімі аймақта материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылғанын, зардап шеккен бірде-бір ақтөбелік назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ендеше сабыр сақтап, дер кезінде көмекке жүгіну, мамандардың бұйрығын бұлжытпай орындау маңызды, – дейді Ербол Данағұлов.

«Жастар Рухы» Жастар қанатының еріктілері де ортақ іске жұмылды.  Рухтастар кеше Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде, Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында болып, жергілікті тұрғындарға көмек берді. Жастардың бір легі бүгін қаладағы су тасқынының алдын алу жұмыстарына белсенді қатысты.

-Еріктілер еліміздегі төтенше жағдайлар кезінде ешқашан шет қалмаған. Облысымыздағы жағдайды біле тұра, қол қусырып отыра алмадық. Кеше Шұбарқұдық ауылына, Қандыағаш қаласына бардық. Бүгін Кірпішті елді-мекеніне барып, көтеріліп келе жатқан Елек өзенінің су деңгейі көтерілуіне орай бөгет жасау жұмыстарына атсалыстық. Қардың қарқынды еруіне байланысты болған су тасқанынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуге дайынбыз, – дейді Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық.

Меңтай Бектұрсынова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button