Басты жаңалықтар

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары су шайған аймақтарды аралады

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған депутаттар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге Ақтөбе қаласының Сүт зауыты, 12-шағын ауданы, Қызылжар, Қызылжар-3, Қурайлы елді мекендерін аралап, су шайған аумақтардың жағдайын барып көрді.

Көшелері мен аулаларын су басқан тұрғындарға көмек көрсетіп, құм жеткізу жұмыстарына атсалысты.

Қурайлы, Қызылжар-3 елді мекендерінің тұрғындары аудан әкімдері мен депутаттарға алғысын айтып, дер кезінде көмек қолын созған азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Қазіргі таңда бұл елді мекендерде Ақтөбе қаласы әкімдігінің, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ қарапайым тұрғындар бірлесіп, су бұру, су сору, құм төгу, жолдарды қар суынан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button