Басты жаңалықтар

Темір ауданында материалдық шығын көлемін анықтау үшін комиссия құрылды

Темір ауданы бойынша су тасқыны келтірген материалдық шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия жасақталды.

Асхат Шахаров су тасқыны жағдайы тіркелген Темір ауданының Шұбарқұдық ауылына барды. Өңір басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралап, ахуалмен танысты.

Қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық су тасқынына қарсы штаб мәліметінше,  5үйге су кірген,  7 көшені және 34 ауланы су басқан.

Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілермен қосқанда, 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу ісі қарқынды.

Сондай-ақ, қосымша көмекке Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері келді. 5 бірлік техника және 8 су соратын мотопомпа жеткізілді.

Өңір басшысы тұрғындармен кездескенде арнайы комиссия жұмыс істеп бастағанын, төтенше жағдай жарияланбаса да, үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button