Басты жаңалықтар

Биыл Ақтөбе қаласының 18 көшесі орташа, 7 көшесі күрделі жөнделеді және 16 тұрғын алапқа кіреберіс жолдар салынады.

Ауа-райы асфальт жабындысын төсеу арқылы жөндеу үшін қолайсыз екені белгілі. Сондықтан, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазір қала бойынша жолдарда пайда болған ойықтарды уақытша жөндеу шаралары жасалып жатыр. Күн жылынып, жер кепкен соң, бұл жолдар толық жөнделетін болады. Әзірге осылай амалдауға тура келіп тұр.

Жалпы биыл 16 тұрғын алаптың кіреберіс жолдарына, автобус жүретін көшелеріне асфальт салынады. Одан бөлек, қаланың 18 көшесіне орташа, 7 көшесіне күрделі жөндеу жасалады. Оның ішінде М.Оспанов, Жұбановтар, Уалиханов, Алтынсарин, Тәшенов, Ақтанкерей, Рабочая, Суворов, Диірменді және тағы басқа бірнеше көшелер бар.

Сонымен қатар, былтыр жөнделіп басталған 20-дан астам көшеде жұмыстар жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button