Басты жаңалықтарДін

ИСЛАМДА ҚАРА КИІМ КИСІН ДЕГЕН ТАЛАП ЖОҚ

— Ұлттық құндылықтарды, ұлттық бірегейлікті нығайту аясында ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанған дәстүрлі исламды насихаттаудың маңызы зор. Бұл туралы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, түркі халықтарының көпшілігінің, соның ішінде қазақтардың дәстүрлі діні — сунниттік бағыттағы ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет», — деп атап өтті.

Ханафи мәзһабының басты екі ерекшелігіне тоқталсақ: біріншіден, мұнда жергілікті халықтың салт-дәстүрі мансұқ етілмейді. Сондықтан Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына қарасты еліміздегі барлық мешіттер дін мен дәстүрді сабақтастыра насихаттап келеді. Екіншіден, соқыр сенімге жол берілмейді, керісінше, ақыл-парасатқа сүйеніп өмір сүру керектігіне ден қойылады.

Өкінішке қарай, кей адамдарда халқымыздың дүниетанымына қайшы бетті жауып тұмшалау, қара киіну секілді әдеттерді исламмен байланыстыру түсінігі бар. Бұл — мүлде қате түсінік. Исламда «бетті тұмшаласын», «қара киім кисін» деген талаптар жоқ. Ал қара киініп, тұмшаланып жүру әсіредіншілдіктің белгісі екенін біз әрдайым айтып келеміз.

Бабаларымыздың сан ғасырлық діни ілімі мен ізгілікке үндейтін салт-дәстүрі бүгінгі ұрпақ үшін де басты рухани бағдар болып қала беруі қажет.

Серікжан ЕНШІБАЙҰЛЫ,

облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button