Басты жаңалықтар

ӘДІЛБЕКТІҢ САБЫНЫ

Темір ауданында кәсіпкер Әділбек Оразай сабын өндірісін қолға алды. 32 жастағы жігіттің кәсібі ауылдастары тарапынан сұранысқа ие болып отыр.

Шұбарқұдық кентінің тұрғыны мұнай компаниясында супервайзер болып жұмыс істейді. Өткен жылдың қазан айынан бері қосымша аталған шағын бизнес түрімен айналыса бастаған. Қазіргі таңда сабынның 3 түрін шығаратын Әділбек өндірісі жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

— Әртүрлі өлшемдегі сабынның бағасы соған сай қойылады. Әрқайсысын 150-185 теңгенің аралығында сатамын. Темірден бөлек, Мұғалжар, Байғанин аудандарында да саудалауға көштім. Болашақта басқа да өлкелерді қамтуды, сол арқылы кәсібімді  кеңейтуді жоспарлап отырмын, — дейді жас кәсіпкер.

Айына 3400-3500 дана сабын өндіретінін айтқан кәсіпкердің алдағы уақытта мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатыспақ ойы бар.

Жуырда жеке кәсіпкердің жұмысымен танысқан аталған ауданның әкімі Саламат Аманбаев үкіметтік қолдау жөнінде айтып берді.

 

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Темір ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button