Мереке

Шуақты күнгі алғыс

Мәслихат

Облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған топ Ақтөбе қаласындағы медицина мекемелерінде еңбек етіп жүрген медбикелер мен кіші қызметкерлерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Құрамында облыстық мәслихат депутаттары Нұрлан Махамбетов, Қайрат Сабыр, Марат Қойлыбаев, Талғат Дүржанов, Әсем Ілиясова, Естай Сисенбаев бар топ облыстық медициналық жедел жәрдем бекеті, Ақтөбе медициналық орталығы, көпсалалы облыстық балалар ауруханасы, облыстық перинаталды орталығы, облыстық инфекциялық аурухана, облыстық фтизиопульмонология орталығы, Ақтөбе қалалық балалар ауруханасы, Қарғалы қалалық ауруханасына барып, медицина саласы қызметкерлерін, оның ішінде медбикелер мен кіші қызметкерлерді мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

— Сіздер облыстың денсаулық сақтау саласына өз үлестеріңізді қосып, абыройлы еңбек етіп келесіздер. Әр науқастың көңіліне қарап, оларға жанашырлық танытып, әрдайым қамқорлық көрсетесіздер. Бүгінгі мерекеде сіздердің осы еңбектеріңізге алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еңбекте табысты, мерейлеріңіз үстем болсын! — деген Гүлқасима Сүйінтаева нәзік жандыларға облыстық мәслихат атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button