Мереке

Мазмұнды кеш

Алғыс айту күні

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық бірегейлік пен халық бірлігін нығайтуда «Алғыс айту күнінің рөлі» атты танымдық іс-шара өтті. Оған кафедра студенттері мен оқытушылар қатысты.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Бекзат Молдиннің айтуынша, танымдық іс-шара Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Елімізде 1 наурыз — Алғыс айту күні болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. Осы күннің маңыздылығын ұғындыру мақсатында жыл сайын әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Мазмұнды кешті өткізудегі мақсатымыз — Алғыс айту күнін насихаттау, жастарды әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу, — деді ол.

Кездесуге қатысқан қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Есентүгел Әзи жастарды атаулы күнмен құттықтап, жаңа мерекенің қалай пайда болғаны туралы түсінік берді.

Мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 1-курс студентімін. Ең алдымен, ата-анама, бауырларыма және тәлім берген Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің оқытушыларына алғыс айтамын. Сабақтан кейін Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімшесінде жұмыс жасаймын. Адамдарға аз да болса пайдам тигеніне қуаныштымын. Әрбір науқастың жылы сөзбен емдеп, алғысқа бөленудің өзі зор бақыт, — дейді жиынға қатысқан студенттердің бірі Асылжан Айтжанова.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button