Мереке

Тағылымы мол қойылым

«Халықтың алғысы — ұлы марапат». Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратындағы этномәдени бірлестіктер мұражайында өткен театрландырылған қойылым осылай аталды.

Спектакльді тамашалауға мектеп оқушылары көп жиналды.

Шара 1 наурыз — Алғыс айту күні аясында өткізілді. Қойылымды «Славяндар» қоғамдық бірлестігінің «Алые паруса» үлгілі жастар театрының актерлары сахналады.

Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты — дархан көңіл, жомарт жүректі қазақ халқына алғысымызды білдіру.

Қасиетті де киелі қазақ топырағында жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Қойылым барысында татулық пен бірліктің тұғыры — Ассамблеяның қызметін, тарихын, мақсат-міндетінжан-жақты көрсетуге тырыстық, — дейді қойылым режисиері Надежда Киек.

Жас актерлер қазақ халқының кеңпейіл, қонақжай, бауырмалдығын шебер жеткізді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button