Мереке

Ернұр — мектеп сұлтаны

Байқау

Алғыс айту мерекесі қарсаңыда №56 жалпы орта білім беретін мектебінде облыстық балалар мен жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Мектеп сұлтаны — 2024» облыстық байқауы өтті. Оған 20-ға жуық оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты — балаларды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар алғашқы кезеңде өзін таныстырып, шешендік өнерден сынға түсті. Одан соң оқушылар өздері жасаған ұлттық бұйымдарды таныстырды.

Талғамы мен талабының жоғарылығын дәлелдеген байқау жеңімпаздарының бірі Ернұр Боранбаев мектепішілік байқауға алғаш рет қатысқанына қарамастан, бас жүлдегер атанды:

Мазмұнды іс-шарада Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің рөлін сомдадым. Одан соң өзім жасаған  бұйымдарды қазылар алқасына ұсындым. Алда қыз-келіншектердің мерекесі келе жатқандықтан шолпы, өңіржиек сынды зергерлік бұйымдарды жасадым. Еңбегім бағаланып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын, — дейді байқау жеңімпазы.

Бас жүлдеге «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының атынан құны 465 мың теңге болатын 6 айлық тегін оқу гранты және демеушілер тарапынан 200 мың теңгелік ақшалай сертификат пен  жетекшіге Түркияға тегін жолдама берілді.

Жеңімпаз және жүлдегерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Барлық қатысушыға Алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.                                                                                                                  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button