Мәдениет

Тарихи көрініс — театр сахнасында

Көрермен

Жақында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр актерлерінің сомдауымен «Әбілқайыр хан» спектаклін көруге бардым. 

Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тұлғасының қазақ тарихынан алған орны ерекше. Ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы, мәмілегер Әбілқайыр хан — Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны Өсекенің (Үсек) ұрпағы. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Әбілқайыр қазақ елінің бас хандығына таласқа түседі, мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат таққа отырған соң өзінің күшімен, ақылымен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білетін әскери қолбасшылығымен, батырлығымен, саясаткерлігімен танылып, Кіші жүзге хан сайланған.

Таққа отырғанға дейін Әбілқайыр 1723 жылы Еділ қалмақтарына соққы беріп, олардың жоңғарлармен бірігуіне кедергі жасайды. Одан соң жоңғарларды жеңіп,қазаққа Түркістанды қайтарып алып береді. Мұндай батырлық иесіне, соғысты ұйымдастыра білетін шебер қолбасшылық қабілетіне халықтың сенімі артып, 1726 жылғы құрылтайда Әбілқайырды жоңғарларға қарсы бастайтын бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы етеді. Әбілқайырдың басшылығымен қазақтар жоңғарларды қазақ топырағынан қуып, жерін азат етті. Бұдан басқа Қазақстандағы тарихи жағдайлардың көпшілігі Әбілқайыр хан есімімен тығыз байланысты. 1729 жылы Аңырақайдағы ойраттарды талқандаған соғыста әскерді үйлестірген де Әбілқайыр. Бұл қазақтардың Қазақ хандығының қуатты екенін көрші елдерге паш еткен ірі жеңіс болатын.

Тарихтан сыр шертетін «Әбілқайыр хан» спектаклін тамашалаған ақпанның алғашқы күндерінің бірінде осы деректер санама орала берді. Облыстық драма театры сахнасында қазақтың тарихы көрініс беріп, Әбілқайырдың тұлғасын шынайы таныған күн болды.

Құралай ҚАЙБОЛДИНОВА,

№69 орта мектеп директорының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button