Әлеумет

Сенбіліктен сырт қалғандар болмады

Тазалық акциясы

Өткен сенбіде Ақтөбе қаласында «Тазалықты сақтайық» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 2 мыңнан астам мекеме мен кәсіпорындардың қызметкерлері және жоғары оқу орындарының студенттері  қатысты. Олар өз мекемелері мен кәсіпорындарының маңын, қала көшелерін тазалады.

Көшелердегі қоқыстар түгелдей жиналып, кепкен ағаштар арнайы көліктерге тиеліп, сыртқа шығарылды. Студенттер өз оқу орындарының маңайын тазаласа, мемлекеттік қызметкерлер қалаға кіреберіс жолдар мен тазалығы нашар көшелердің  бойындағы қоқыстарды жинады.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің бастамасымен, ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында  ұйымдастырылған шараға жалпы саны 35 мыңнан астам адам қатысып, өз шаһарларының тазалығына бейжай қарамайтындығын білдірді. Пәтер иелері кооперативтері мен кондоминиумдар белсенді араласып, тіпті жеке тұрғын үй секторының тұрғындары да өз аулаларының жанын қоқыстардан ада етті.

Қала әкімі Н.Әбдібековтің арнайы шешіміне сәйкес, сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері қала сыртындағы полигон қоқыстарды тегін қабылдады.

 

Сәнім ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button