БілімБасты жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі үшін…

Соңғы кезде қоғамда балалардың өміріне алаңдаушылық көбейді. Бұған жалған ақпараттардың таралуы да әсер етіп отыр. Мәселен жуырда Ақтөбеқаласындағымектептерге террорлық шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат тарап ата-аналар біраз әбігерге түскен еді. Осы жағдайдан кейін өңірдегі барлық білім беру орнында қауіпсіздік шаралары бұрынғыдан да күшейтіле бастады.

403 мектепте бейнебақылау жүйесі бар

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезовтің айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басқарманың басты назарында тұрған мәселелердің бірі. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қолға алынған. Мәселен, облыс бойынша 36 мектепке металіздегіш, 154 мектепке басқару жүйелері (турникет) орнатылған. Сондай-ақ 132 мектеп лицензиялы күзет қызметімен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 204,0 млнтеңге қаржы бөлінген.

— Өңірдегі басқа білім беру мекемелерінде мамандандырылған күзет қызметі жоқ. Дегенмен күндізгі уақытта вахтерлар білім беру ұйымына келген-кеткен адамдарды тіркеп отырады. Кешкі уақыттан бастап күзетші қабылдап, жұмыс істейді. Жалпы, бүгінде облыстағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жарақтандыру нормалары мен террористік тұрғыдан осал нысандарға қойылатын талаптар негізінде жүзеге асырылады.Білім беру ұйымдарындабалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудеалдымен жарақтандыру нормалары бойынша бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған. Бүгінде облыстағымемлекеттік 403 мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Олардағы камералардың жалпы саны —9311. Оның ішінде ішкі камералар саны 6101 болса, сыртқы камералар саны —3210, — дейді А.Әуезов.

Оның айтуынша, бүгінде облыстағыжалпы орта білім беретін 292 мектеп террористік тұрғыдан осал нысандар қатарына жатады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына сәйкесинженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар негізінде білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуы үш топқа бөліп қарастырылады. Оның біріншісіперсоналдар менбілім алушылар саны 300 адамға дейінгі білім беру ұйымдары болса, екінші топтағы білім беру нысандары — білім алушылар мен персоналдарының нақты саны 300-ден 700-ге дейінгі, сондай-ақ аудан орталығында орналасқан ұйымдарда 700-ге дейінгі мекемелер. Ал үшінші топқа жататындар — білім алушылары мен персоналдарының нақты саны 700 адамнан асатын, сондай-ақ Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру ұйымдары.

— Бұл жерде инженерлік-техникалық жабдықтармен қамту қызметінебейнебақылау және хабардар ету жүйелері, ішкі істер органдарына (жедел басқару орталығына) қосылған бейнекамералар, ішкі істер органдары немесе лицензиялы күзет қызметіне қосылған дабыл түймесі, техникалық бақылау және басқару жүйелері (турникет), лицензиялы күзет қызметі жатады. Талапқа сәйкес бейнебақылау және хабардар ету жүйелерімен барлық үш топтағы мектептер қамтылуы қажет. Сондықтан террористік тұрғыдан осал нысандарқатарына жататын мектептердің барлығы да бейнебақылау және түсті-дыбысты (өрт дабылы) хабардар ету жүйесімен жарақтандырылған. Бүгінде облыс бойынша ішкі істер органдарына, оның ішінде жедел басқару орталығынаекінші және үшінші топтағы 182мектеп қосылуға тиіс. Дегенмен қазіргі таңда аталған жедел басқару орталығына интернет желісі арқылы 174 мектеп қосылып отыр. Оларда орталыққа қарайтын 2769 камера бар. Қалған 8 мектептіелді мекендердің облыс орталығынан шалғай орналасуына және интернет желісінің болмауына байланысты қосу мүмкін болмай отыр. Олардың қатарында Шалқар ауданындағы Біршоғыр, Бозой, №12, Мұхамбетқазы Тәжин және Бекежан Сүлейменов атындағы орта мектептер, Әйтеке би ауданындағы Қуандық Шаңғытбаев, Тарас Шевченко, Сейдалы Оразалин атындағы орта мектептер жәнеОйыл ауданындағыШығанақ Берсиев атындағы орта мектеп бар, — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгінде облыстағы мектептердің көбінде мамандандырылған күзет қызметкерлері жұмыс істейді. Олар күн сайын ұстаздар мен оқушыларды, сырттан келген адамдардымектепке тексеріп кіргізеді. Ондағы мақсат — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың мектеп аумағына әкелінбеуін қадағалау. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте екі ауысымда 1711 оқушы білім алып жатыр.

Жуырда қаламызда болған дүрбелең кезінде облыс әкімі Асхат Шахаров аталған мектепке барып, оқушылармен, ата-аналармен кездескен болатын. Қазір мұнда жағдай қалыпты, балалар еш алаңсыз білім алуда.

Мектеп директоры Дәуір Төлемісовтің айтуынша, жалған ақпарат таратылып, мектептерде дүрлігу болған кезде бұл білім беру ұйымының барлық сыртқа шығу есіктері жабылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күшейту шаралары жүргізіліп, «Madі

Security» күзет агенттігінің қызметкерлері өз жұмыстарын жоғары жауапкершілікпен атқарған.

— Осы жағдайдан кейін күзет қызметі өз жұмысын күшейтті. Ал біздің тарапымыздан кезекшілікте тұратын мұғалімдердің санын арттырдық. Қазір ата-аналармен, оқушылармен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алаңдауға еш негіз жоқ. Мектебімізге келген әрбір адамды күзетшілер арнайы металіздегішпен тексеріп кіргізеді, — дейді ол.

«Ақтөбенің» анықтамасы 

Ақтөбе облысында жалпы саны 422 мектеп болса, оның 403-і — мемлекеттік, 19-ы —жеке білім беру ұйымы. Оларда жалпы саны 180 мыңнан астам бала білім алуда. Оның 150 мыңы қосымша біліммен қамтылған.

Инспекторлар аз, орталықта орын тапшы

Бүгінде қала мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе қалалық полиция басқармасы да нәтижелі жұмыс жасап жатыр. Ақтөбе қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ботакөз Жалекешованың айтуынша, бүгіндебасқарма мамандары облыс орталығындағы 90-ға жуық мектепті арнайы бейнекамералар арқылы бақылап отырады. Сондай-ақ қала бойынша полиция бөлімдерінен 110 мектепке 36 инспектор бекітілген. Олар оқушылармен кездесіп, құқықбұзушылықтың алдын алуда жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

— Балалардың қауіпсіздігі туралы сөз қозғағанда олардың тек білім беру мекемелеріндегі жүріс-тұрысы, іс-әрекеті ғана қадағаланбайды. Сондай-ақ отбасында, көшеде, көпшілік орындардағы тәртібі де бақылауда болуы керек. Әр баланың қауіпсіздігіне оның заңды өкілі, яғни ата-анасы тікелей жауапты. Егер бала оқу орнында құқықбұзушылыққа жол берсе, онда сол мекеменің басшылары да жауап береді.Біз жыл басынан бері қала аумағында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Демалыс» және тағы басқа да жеделалдын алу іс-шараларын өткіздік. Мәселен, 7-11 ақпан аралығында қала бойынша «Жасөспірім» акциясы ұйымдастырылуда. Осы іс-шара аясында бұзақылық жасаған, ата-анасының қарауынсыз көшеде, ойын клубтарында, басқа да көпшілік орындарда жүргенбалалармен жұмыс жүргіземіз. Ал білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікке келсек, ол жерде қандай да бір оқыс оқиға тіркелетін болса, бізге жауапты күзет қызметтерінен қоңырау түседі. Сол арқылы басқарма мамандары әрекет жасайды, — дейді ол.

Ботакөз Жалекешованың айтуынша, өкінішке қарай, бүгінде қала мектептеріне бекітілген инспекторлар саны аз. Сондай-ақ өңіріміздегі өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдайтын «Аяла» орталығында да орын тапшылығы тіркелуде. Мәселен, 41 адамға шақталған орталықта 70 бала тұрып жатыр. Одан бөлек соңғы кезде қаламызда жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар мен олардың қатысуымен болған құқықбұзушылықтар саны көбейген.

Біз қашанда «Бала өмірі бәрінен қымбат» деген қағиданы ұстанамыз. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үнемі басты назарда ұстаймыз. Бұл жерде қауіпсіздік дегенде, олардың отбасында, білім беру ұйымдарында, көшеде және қоғамдық орындардағы жағдайы, қауіпсіздігі қарастырылады. Құқық қорғау органдары әркез балалардың қауіпсіз ортада алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды, бұл орайда ата-аналардың да жауапкершілігі зор болуы керек, — дейді полиция майоры.   

Есіңізде болсын!

Облыстық полиция департаменті мен білім басқармасының басшылығыата-аналардан жалған ақпараттарға сенбеуді дүрбелеңге түспеуді және тек ресми деректерге сүйенуді сұрайды. Сондай-ақ бүгінде қала мектептеріндегі қауіпсіздік шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button