Ақтөбе облысындағы жағдай бойынша ақпарат
⚠️ Ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың 5 учаскесі жабылды. Оның ішінде үшеуі – республикалық, екеуі – облыстық.
➤ Барлығы 160 адам құтқарылды, оның ішінде 17 – бала, 7 – жүкті әйел, 6 – шетел азаматы.
➤ Сонымен қатар, 7-9 ақпан аралығында 653 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 – әйел және 23 – бала, 434 – шетел азаматы.
➤ Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және автомобильдерді қар құрсауынан шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, Полиция департаменті, әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдардан 90 бірлік техника, 240 адам тартылды.
➤ Ақтөбе облысының жылыту пункттерінде 819 адам орналастырылды.
❗️Сонымен қатар жолда қалған адамдарды эвакуациялау және автомобильдерді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
🙌 Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарға ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береміз.
📞 ТЖМ және ТЖД құрылған жедел штабтар жұмысын жалғастыруда, «жедел желі» телефоны өтініштерді қабылдауда.
Ақпарат Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінен алынды