Мәдениет

Сан тілдегі сайыстар

«Мемлекеттік тіл — тәуелсіздік тұғыры, ынтымақтастық пен бірліктің негізі» акциясы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріне қарасты 6655 әскери бөлімінде бөлініс сарбаздары, басқарманың офицерлері мен келісім шарт әскери қызметшілерінің арасында қазақ жерінде тұратын  әр түрлі  ұлттың мемлекеттік тілмен  қатар өздерінің ана тілдерін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін білу деңгейін байқау мақсатында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты байқау-конкурс  өткізілді.

Сайысқа қатысушылар «Таныстыру»,  «Ұлттық тағам даярлау немесе  салт-дәстүр туралы айту, көрініс түрінде көрсету», «Өз өнерін көрсету» шарттары бойынша сынға түсті. Үміткерлер сөйлеу мәдениеті, шеберлігі, ас даярлау, музыкамен көркемдеу, тапқырлық, өнертапқыштық тұрғысынан дайындықтарын көрсетті. Әрбір ұлт өкілі өз тілінде өз халқы, ата-анасы, туған жері, қызмет ететін өлкесі туралы мағлұматтар берді, оларды өлең жолдарымен, слайдтар көмегімен көрсетті. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен Отан алдындағы борыштарын өтеуге келген көптеген ұлт өкілдері қатысып, сан тілде өлең айтылып, би биленіп, ұлттық киімдер көрініс беріп, әр ұлттың  тағамдары әзірленді.

Облыстық Достық үйінен келген «Славяне», «Шатлық», «Жастық» этномәдени бірлестіктерінің көркемөнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Корей, орыс, әзірбайжан, татар, украин ұлттарының өкілдері әскери қызметшілерді мерекемен құттықтап, Қазақстанның  мемлекеттік тілінде және өз ана тілдерінде әндер әуелетіп, ұлттық билерін мың бұрала биледі.

Сайыс соңында  бөлім командирі майор Ерлан Чокушев пен   бөлім командирінің орынбасары майор Ермек Шерікбаев сайысқа қатысушыларды марапаттады.

Гүлмира Қитанова,

6655 әскери бөлім қызметкері.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button