Мәдениет

Тірліктің ардақты айғағы

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалдарында бірқатар мерекелік шаралар өткізілді.

Мысалы, №3 қалалық кітапханада «Ана тілім — тірлігімнің айғағы» атты шешендік сөздерден көрініс, №4 М.Горький атындағы кітапханада оқушылар арасында «Туған тілің болмаса, тірегің жоқ» тақырыбында қысқа турнир өткізілді. №9 Пригородный селолық кітапханасы мектепте «Ана тілім – ардағым» атты жыр сағатын, №2 А.Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері №31 қазақ орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен бірге «Ана тілі әр қазақстандықтың жүрегінде, тілінде жүрсін!» деген тақырыппен тілі білімі сабағын, ал орталық кітапхана «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген тақырыпта тіл мамандарымен кездесу кешін өткізді. Бұдан басқа да өткізілген бірқатар шараларды тізіп айтуға болады.

Ана тіліміздің мол мұрасы, бай қоры кітапханаларда сақталған. Яғни, бұл шараларды өткізудегі басты мақсат — сол мол мұраның жеткізушілері, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын, қазақ әдебиетін, халықтың алтын қазынасына айналған дана билерден, сөз бастаған шешендерден қалған мұраны оқырманға насихаттау.

Бұрынғы аталарымыз өмірден көрген-түйгендерін жинақтап, бай тәжірибесін бізге сөзбен өрнектеп қалдырған. «Қазақтың жүз шешені» деген кітап — соған куә. Бұл кітапта қара қылды қақ жарған, билік пен шешендік сөздің үш діңгегі  атанған бабаларымыз — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке бидің сөздері келтірілген.

Тіл апталығы барысында №8 Қурайлы селолық кітапханасының меңгерушісі Б.Лиза «Өнер алды — қызыл тіл» атты байқауға қатысса, №12 Қызылжар селолық кітапханасының меңгерушісі В.Сәрсенбаева «Тіл өнері — дертпен тең» тақырыбында тіл мамандарының қатысуымен ой-толғау, пікірлесу сағатын өткізді.

Ж.МАТАЕВА,

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button