Мәдениет

Жарайсың, Индира!

Бәрекелді

Жақында Ақтау қаласында Қашаған жырау Күржіманұлының 170 жылдығына арналған «Сұрағандарың сөз болса…» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған 26 ақынның ішінен І орынды жерлесіміз Индира Кереева еншіледі.

Жыраудың бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат ету, сондай-ақ жас таланттардың талабын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған мүшәйрада Астана мен Қарағандының, Қызылорда мен Ақтөбенің, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ақындары бас қосты.

Жыр додасында жерлесіміз, «Керек info» газетінің тілшісі Индира Керееваның «Мола басындағы монолог» атты өлеңі топ жарды.

— Мүшәйраға алдын ала бір топ өлеңдерімді жолдаған едім. Байқауда үздік деп танылған өлеңім жыраудың кесенесі басында дүниеге келді. Қашаған жыраудың кесенесі Ақтау қаласынан 130 шақырым жердегі Қырықкез жотасында орналасқан екен. Осы жерде жырауға үлкен ас берілді. Жыраудың кесенесіне жақындағанда ойыма жаңа өлең жолдары оралып, ұялы телефоныма жазып алдым. Кейін осы өлеңімді жыр додасына қостым, — дейді Индира Кереева.

Индираның республикалық деңгейде өткен мүшәйраға алғаш қатысуы. Біз қалам мен қағазды серік етіп, қара сөзден жыр өрген әріптесімізге сәттілік тілейміз.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button