Спорт

Ақтөбе облысында 19 спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр

Былтыр Ақтөбе облысында 14 жаңа спорт кешені салынып, спортпен шұғылданатын инфрақұрылым саны айтарлықтай артқан болатын. Мәртөк ауданының Жайсаң, Сарыжар және Родниковка, Алға ауданының Үшқұдық және Бестамақ ауылдарында, Ақтөбе қаласының тұрғын үй алаптарында жаңа нысандар пайда болды.

Биыл тағы 19 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде футбол академиясы, Ақтөбедегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені мен Шұбарқұдық ауылындағы бассейн бар.

Спорт нысандарының кеңейтілген желісі тұрғындарды, ең алдымен балаларды спортпен көбірек қамтуға ықпал етеді.

Облыстық спорт басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда 34 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оның ішінде 10 ауылдық мектепке 23,1 мыңнан астам бала барады. Олардың басым бөлігі олимпиадалық спорт түрлерімен айналысады.

Ақтөбе облысында барлығы 33 олимпиадалық спорт түрі таралған. Өңірдің спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысады. 2023 жылы олар олимпиадалық спорт түрлерінен өткен 167 жарыста 65 алтын, 59 күміс және 112 қола медаль жеңіп алды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button