Спорт

Ақтөбелік шахматшының жеңісі

Бәрекелді

Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат бөлімінің оқушысы, спорт шеберіне үміткер Алан Петуховел чемпионатынан жеңіспен оралды.

7-17 қаңтар күндері Түркістан қаласында өткен жасөспірімдер мен қыздар арасында шахматтан ел чемпионатына барған жас шахматшы облыс құрама командасының сапында сынға түскен еді. Алан Петухов 16 жасқа дейінгілер арасында шахматтың классика түрінен 1-орын алса, рапид бойынша 2-орын алып, күміс жүлдегер атанды.

— Алан — Ақтөбе қаласындағы №11 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы. Шахматтан бірінші жаттықтырушысы — Қуанышқали Ерниязов. Шеберлігін арттыру үшін шахмат бойынша халықаралық шебер Кирилии Кудеринов, ФИДЕ шебері Дмитрий Попов сынды жеке бапкерлерден де сабақ алады. Оқушымыздың бұл жолғы жеңісі біздің облыс үшін де үлкен олжа болып отыр. Алан облыстың үмітін, спорт мектебі мен бапкерлерінің сенімін ақтады, — дейді аталған спорт мектебінің директоры Жанар Сағызбаева.

Алан Петухов бұған дейін бірнеше рет қалалық, облыстық дейгейдегі додаларда чемпион болды. Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы, ел чемпионаттарының сегіз дүркін күміс, үш дүркін қола жүлде иегері, республикалық және халықаралық дейгейдегі спорт додаларында кеудесіне таққан төрт алтын, алты күміс және төрт қола жүлдесі бар. Бразилия, Бали аралдары мен Грекияда өткен Азия, әлем чемпионаттарында да қанжығасы бос қайтқан жоқ. Аланның бұл жеңісі спорт мектебінде оқитын жас шахматшыларға үлгі екені айтпаса да түсінікті.

М.РАХАТҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button