Экономика

Парыз: Кеше.Бүгін.Ертең.

Бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі еліміздің тұрақты дамудағы жедел стратегиялық маңызға ие. Осыған орай бірлескен әлеуметтік жауапкершілік идеясын алға дамыту, кәсіпорындардың әлеуметтік-жауапкершілігіне дұрыс жағдай жасауға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Мұны әсіресе, соңғы кездері айқын аңғарып жүрміз. 2008 жылдың қаңтарында Жезқазған қаласында өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы форумда Мемлекет басшысы «Парыз» —бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы» туралы Жарлыққа қол қойылғандығын жариялаған болатын.

«Парыз» байқауы әлеуметтік жауапкершілікті бизнестің жобалары мен бағдарламаларының дамуын жүзеге асыратын, тиісті компаниялардың стандарттары мен өлшемдерін қалыптастыратын, әлеуметтік тәжірибелердің түрлі формаларын дамытатын технологияға айналды.

Бизнестің дамуын ынталандыру үшін төрт номинация бойынша : «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесi үшiн» деген атаулармен лауреат атақтары тағайындалды және бұлар екі санатты: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісін қамтыды.

Осы номинациялар бойынша Ақтөбе облысынан 2009 жылы конкурсқа 28 кәсіпорын қатысты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының ең таңдаулылары 2009 жылғы 2 желтоқсан күні салтанатты жиында Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен марапатталды.

Байқау нәтижесінде республика бойынша 28 кәсіпорын – лауреаттардың төртеуі Ақтөбе облысынан 2 алтын, 2 күміс «Парыз» белгісімен және құрмет дипломдарымен марапатталды.

«Парыз» конкурсына 2010 жылы облыстан 31 кәсіпорын қатысты.  «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Гран-приді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жеңіп алды.

«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша бірінші орынды Байғанин ауданынан «Мерей-и К» ЖШС-і иеленді. Үшінші орындарды: «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша Қарғалы ауданынан «Степное» ЖШС-і иеленсе, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Ырғыз ауданынан «Алтын Әсел» ЖШС-і жеңіске жетті.

Конкурс лауреаттары эмблемалармен марапатталды, бұл атақ берілгеннен кейін екі жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленеді.

Конкурс, қазақстандық бизнестің, соның ішінде Ақтөбе кәсіпкерлерінің жұмысшыларына тұрақты жалақыны және лайықты жұмыс жағдайын жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ұжымдық-келісім тетіктерін жетілдіруге, әлеуметтік объектілердің құрылысына және облысты дамытуға бағытталған қуатты әлеуметтігі бар екенін көрсетті.

Биылғы жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысуға номинанттарды ұсыну бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесi үшiн» номинациясы бойынша облыстық және аудандар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Ағымдағы жылы «Парыз» конкурсына қатысу мәселелері әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмыс тобының отырысында 3 рет талқыланды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында кәсіпорындармен, ұйымдармен үміткерлердің конкурсқа қатысулары жөнінде кеңейтілген отырыстар өткізу жоспарлануда.

 

 

Динара Достанова,

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік еңбек

қатынастарын реттеу және еңбекті нормалау

мен ақы төлеу бөлімінің бастығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button