Мәдениет

Сапарыңыз оң болсын!

Туризм күні қарсаңында

Статистика

Фирмалар мен туристер

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында біздің облыстың туристік фирмалары және басқа объектілері (қонақ үйлер мен демалыс орындары)  қызмет көрсеткен туристердің саны — 43 306.

Туристік фирмалар барлық қызмет көрсетілген келушілердің 11,5 пайызын ғана қамтыды, ал басқа объектілер үлесіне тигендер — 88,5 пайыз.

Есеп беру кезеңінде туристік фирмалар қызмет көрсеткен туристер саны 4 968-ге жетіп, құны 392,4 миллион теңгеге 1 324 жолдама өткізілді, осының ішіндегі 1 253 жолдамаға туристік қызметтердің толық кешені енді, ал мекен-жайдан тыс жерлерде болған туристер есебі — 28 042 адам-күн.

Ағымдағы  кезеңнің бірінші жартысында сапарға шыққан туристердің саны өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 48,7 пайызға өсті. Олардың үлесі туристік фирмалар қызмет көрсеткен туристердің жалпы санының 96,6 пайызын құрады.

Есеп беру кезеңінде бұл туристердің 62,7 пайызы демалысқа шыққан екен.

 

Ақтөбеліктер қайда демалады?

 

Ақтөбелік туристер бұрынғысынша алыс шетелдерге баруға құштар, себебі ол жақта туристік бизнес жақсы дамыған.

Туристердің 66 пайыздан астамы Түркияда демалуды ұйғарыпты. Олардың Түркия елін таңдау себептерінің бірі — барудың базистік режимінің болуы, сондай-ақ қонақ үйлер мен жолдамаларға оңай қол жеткізу мүмкіндігі.

Біріккен Араб Әмірлігіне демалысқа барушылар саны 2,5 есеге өсті.

Біздің адамдар емделу мақсатында  Чехияға, Ресейге және  Израильге барады.

Коммерциялық мақсаттармен сапарға шығатын туристер саны 12 пайызға өсті, олардың 90 пайызы Түркияға, 8,7 пайызы Қытайға барған.

Ал ішкі туризм үлесі бұрынғысынша елеусіз болып қалып отыр, мұнда қызмет көрсетілген туристердің  3,4 пайызы ғана қамтылған. Бұлардың ішіндегілердің  59 пайызы демалысқа, қалғандары емделуге барған.

Ақтөбеліктер негізінен Алматы, Сарыағаш және Бурабай курорттары мен санаторийлерінде демалады.

2006-2011 жылдардың бірінші жартыжылдығында туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер санының мөлшері
Адам

 

Көпшілік ұшақты ұнатады

 

Қазіргі көлік құралдары туристік маршруттардың дамуына үлкен ықпал жасап отыр. Саяхатқа шығушыларға аз уақыт ішінде  және қолайлы түрде орын ауыстыруға мүмкіндік беріледі.

Осыған байланысты туристердің басым бөлігі әуе көлігі қызметтерін пайдаланады —  96,5 пайыз, теміржол қызметін пайдаланатындар — 2,1 пайыз, қалааралық  автобустарды саяхатшылардың тек 1,4 пайызы ғана пайдаланады.

 

Облыстық статистика департаментінің материалдары бойынша әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button