Ауыл

Ақшиде монша ашылды

Ауыл аманаты

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында облыста қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ырғыз ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында монша ашылды.

Жаңа нысанды салған — Ақши ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бекзат Серікболова.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов ақшиліктерді қуанышымен құттықтап, кәсіпкердің кәсібіне табыс тіледі.

Бекзат Серікболова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6 миллион 600 мың теңге несие алып, сол қаржыға моншаның құрылысына қажетті материалдар сатып алған.

Ауыл тұрғындары моншаның ашылу рәсімінде халыққа қажетті нысан салған кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, қариялар ақ батасын берді, ал ақ жаулықты аналар елдің амандығын тілеп, шашу шашты.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button