Ауыл

Қожасайда байланыс жақсарады

Байланыс

Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылы ұялы байланыстың мұнарасы орнатылды.

Бұл туралыБатпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Боқашев айтты.

— Қожасай ауылында жергілікті бюджет есебінен мұнара қондырылды. Одан соң «KаР-Tел» серіктестігінің өкілдері келіп, «Beeline» байланысының 4G желісін іске қосып кетті. Қожасайдағы 54 үйдің үш жүзден астам тұрғыны мобильді байланыстың дұрысталғанына, интернет жылдамдығы артқанына қуанып жатыр, — дейді Мейрамбек Боқашев.

Округ әкімінің айтуынша, бүгінде қожасайлықтардың тұрмысы түзеліп келеді. Үш жыл бұрын ауылға орталықтандырылған ауызсу жүйесі кіргізілсе, 2022 жылы  жастарға арналған футбол алаңы салынды. Қазіргі таңда көгілдір отынның мәселесі де шешілуге жақын. Өйткені ауылға газ құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттар сараптамадан толық өткен. Ал биыл ауылда медпункт құрылысын бастау жоспарда тұр.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button