Мәдениет

«Менің Қазақстаным» — Ақтөбе қаласында

Өткен жұмада қалаға ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған  «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихат пойызы келді. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы  мен Мәдениет министрлігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ұйымдастырған акцияға қатысушыларды Ақтөбе жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алды.

Теміржол вокзалында митинг  ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «Менің Қазақстаным» пойызының басты мақсаты — еліміздің соңғы жиырма жылда  жеткен ауқымды жетістіктерін әрбір қазақстандыққа жеткізу екенін айтып, топ мүшелеріне сәт сапар тіледі. Бұдан соң «Нұр Отан» ХДП партиясының Астана қалалық филиалының идеология және қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Қазбек Қазкенов сөз алды.

— Біз осыған дейін еліміздің  бірқатар қалалары мен ауылдарын араладық. Топ құрамындағы әр саланың мамандары халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде ауыл жұртшылығы медициналық қызмет көрсету және  зейнетақы мәселелеріне қатысты сұрақтарды жиі қойды. Көтерілген негізгі сұрақтар сарапталып жатыр. Кейін осыған байланысты  арнайы жұмыс жүргізіледі, — деді.

Сондай-ақ халық әртісі Алтынбек Қоразбаев пен олимпиада чемпионы Ермахан Ыбыраймов өз пікірлерін білдірді.  Митингіден соң акцияға қатысушылар қаланың көрікті жерлерін аралады.

«Менің Қазақстаным» пойызының келесі сапары Батыс Қазақстан облысында жалғасады.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Руханият демекші, http://ruhaniat.yolasite.com/ сайтында «Мәңгілік бақыттың құпия кілттері» атты еңбектен үзінділер жарияланыпты. Онда Жаратылыс, Болмыс, Рух, иман, Қызыр Ата кім т.т. тәрізді сауалдарға ғылыми жауаптар берілген тәрізді. Жазып отырған Нұр екен. Дұрысын АллаҺ Тағала біледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button