Мереке

Қала әкімі құттықтады

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет «Ақтөбе Медиа» ЖШС-да болып, журналистерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Медиакомпанияның баспасөз клубына «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері мен «Үш таған» журналының қызметкерлері жиналды. «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорыРаукен Отыншин шаһар басшысына әріптестерінің жетістіктері туралы қысқаша айтып, келер жылы «Ақтөбе» газетінің 100 жылдық мерейтойы екенін еске салды. Азамат Бекет ғасырлық тарихы бар басылымдарға үлкен
құрметпен қарайтынын атап өтті.
— Мұражайларыңыздан қос басылымның ескі тігінділері сақталған газеттерді көріп, ерекше әсерде болдым.
Сіздерде көптеген тәжірибелі журналистер жұмыс істейді әрі олардың ізін басатын буын
қалыптасқан. Қаланың дамуына өз тараптарыңыздан үлкен үлес қосып келесіздер. Сол үшін
алғысым шексіз. Сіздерде жоғары миссия бар. Ол — оқырмандарға мемлекет саясатын
жеткізу. Біздің ортақ үйіміздегі жаңалықтар тек жағымды болсын деп тілеймін, — деп
Азамат Бекет ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
Журналистер өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын білдірді.

Арайлым
Қыдырбайқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button