Спорт

Ізгілік жарысы

Турнир

Ойыл селосындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ересектер арасында шағын футболдан дәстүрлі қайырымдылық турнир ұйымдастырылды.

Аймақтық жарысқа ауданымыздан «Қайыңды», «Ұстаздар», «Жамағат», «1996 жылғы туған азаматтар», «Көкжар» атты бес команда қатысса, көршілес Қобда ауданынан «Егіндібұлақ» командасы арнайы шақырылды.

Алты команданың арасында өткен тартысты жарыста ұпай санымен І орынды

«Ұстаздар» командасы жеңіп алса, ІІ орынды «1996 жылғы туған азаматтар» командасы иеленді. Ал ІІІ орын «Жамағат» командасының еншісіне тиді.

Жеңімпаздар мадақтама, медальдармен марапатталды. Ал қайырымдылық турнирден түскен қаржыға арнайы азық-түлік себеті дайындалып, аз қамтылған үш отбасына тапсырылды.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button