Ауыл

От жағу бейнетінен құтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Айшуақ ауылдық округіне қарасты Есет ауылына табиғи газ берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жанболат Жидеханов, аудандық мәслихаттың төрағасы Сқақ Бигеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елубай Төлепберген, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Майкөпов, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы Жанболат Жидеханов мемлекет тарапынан ауыл халқының әл-ауқатын көтеруде ауқымды жұмыстар жасалып жатқанын, соның бірі — Есет ауылына газ берілгенін айтып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

Айшуақ ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Жұмат Қазкенов игілікті істің жүзеге асуына қолдау білдірген аудан басшылығына, барлық азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елубай Төлепберген мен Есет ауылының тұрғыны Ізбасқан Баяманов үйлерге газ жеткізуші құбырдың желісін салтанатты түрде іске қосты.

Одан соң аудан әкімі газ желісіне қосылған осы ауылдың тұрғыны Түлкібаевтардың шаңырағына барып, қуаныштарына ортақтасты. От жағу бейнетінен құтылған Ғалия апай ауылға көгілдір отынның келуіне атсалысқан барша жанға алғысын жаудырды.

Мейірлан ДӘНЕКЕРОВ,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button